Окскорил в сиропе — инструкция по применению

Инструкция по применению окскорила в сиропе, описание действия препарата, показания к применению сиропа окскорила, взаимодействие с другими лекарствами, применение окскорила (сироп) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Окскорил
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Сироп, 100 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
R Средства, действующие на респираторную систему
R03 Средства, применяемые при обструктивных заболеваниях дыхательных путей
R03C Адренергические средства для системного применения
R03C K Адренергические средства в комбинации с другими препаратами, применяемыми при обструктивных заболеваниях дыхательных путей
Фарм. группа:
Препараты для лечения обструктивных заболеваний дыхательных путей. Симпатомиметики в комбинации с другими препаратами для лечения обструктивных заболеваний дыхательных путей. Код АТХ R03СК
Условия хранения:
Хранить в прохладном, сухом защищенном от света месте при температуре от 15 0С до 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Период применения после вскрытия флакона не более 15 суток. Не применять после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Прозрачная, сиропообразная жидкость оранжевого цвета с характерным ароматом.

Состав окскорила в сиропе

10 мл сиропа содержат
10 мл шәрбаттың құрамында

Активное вещество окскорила

сальбутамол (в виде сальбутамола сульфата) 2.00 мг, бромгексина гидрохлорид 4.00 мг, гвайфенезин 100.00 мг, левоментол 1.00 мг
сальбутамол (сальбутамол сульфаты түріндегі) 2.00 мг, бромгексин гидрохлориді 4.00 мг, гвайфенезин 100.00 мг, левоментол 1.00 мг

Вспомогательные вещества в окскориле

сахароза, пропиленгликоль, глицерин, сорбита раствор 70 %, натрия бензоат, кислота лимонная, краситель Аннатто (E 160b), ароматизатор Ананас F-1141, ароматизатор Черная смородина F-1199, ароматизатор малина F-1236, вода очищенная. Состав красителя Аннанто (E 160b): пигмент (75 % Биксин), вода очищенная.
сахароза, пропиленгликоль, глицерин, сорбит ерітіндісі 70 %, натрий бензоаты, лимон қышқылы, бояғыш Аннатто (E 160b), Ананас F-1141 хош иістендіргіші, Қара қарақат хош иістендіргіші F-1199, таңқурай хош иістендіргіші F-1236, тазартылған су. Аннанто бояғышының құрамы (E 160b): пигмент (75 % Биксин), тазартылған су.

Показания к применению сиропа окскорила

Острые и хронические бронхолегочные заболевания (пневмония, трахеобронхит, обструктивный бронхит, эмфизема легких, муковисцидоз, туберкулез легких, бронхиальная астма), сопровождающиеся образованием трудно отделяемой мокроты повышенной вязкости.
Тұтқырлығы жоғары қиын бөлінетін қақырық түзілуімен қатар жүретін жедел және созылмалы бронхөкпе ауруларында (пневмония, трахеобронхит, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы, муковисцидоз, өкпе туберкулезі, бронх демікпесі).

Противопоказания окскорила в сиропе

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • тахикардия, аритмии, миокардит, пороки сердца
  • декомпенсированный сахарный диабет
  • тиреотоксикоз
  • глаукома
  • печеночная или почечная недостаточность
  • язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки в стадии
  • обострения, желудочно-кишечное кровотечение
  • одновременное применение противокашлевых средств, неселективных β-адреноблокаторов и ингибиторов моноаминооксидазы (МАО)
  • наследственная неперносимость фруктозы, мальабсорбции глюкозы
  • беременность и период лактации
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • тахикардия, аритмиялар, миокардит, жүрек ақаулары
  • декомпенсацияланған қант диабеті
  • тиреотоксикоз
  • глаукома
  • бауыр немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу сатысы, асқазан-ішектен қан кету
  • жөтелге қарсы дәрілерді, селективті емес β-адреноблокаторларды және моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану
  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза мальабсорбциясы
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Побочные действия сиропа окскорила

Сальбутамол

Часто
  • тахикардия
  • тремор, головная боль, головокружение
Нечасто
  • сердцебиение
  • нервное напряжение
  • тошнота, рвота
  • раздражение слизистой оболочки полости рта и глотки
  • изменение вкусовых ощущений
  • мышечный спазм
Редко
  • гипокалиемия, которая может потенцироваться кортикостероидами, диуретиками и ксантинами
  • периферическая вазодилятация
  • мышечные судороги
Очень редко
  • реакции гиперчувствительности (ангионевротический отек, крапивница, бронхоспазм)
  • снижение АД, коллапс, ишемия миокарда, сердечная аритмия, включая мерцательную аритмию, фибрилляцию предсердий, суправентрикулярную тахикардию и экстрасистолию
  • лактоацидоз
  • сонливость, усталость, боль в груди
Бромгексина гидрохлорид

Редко
  • тошнота, боли в животе, рвота, понос
  • повышенная температура
  • аллергические реакции : сыпь на коже, ангионевротический отек, удушье, зуд, крапивница
Очень редко
  • анафилактические реакции, в том числе анафилактический шок. В очень редких случаях, совпавших по времени с приемами бромгексина, наблюдались тяжелые кожные реакции, такие как синдром Стивенса-Джонсона и синдром Лайелла
Гвайфенезин

Редко
  • ощущение дискомфорта, тошнота
  • головокружение, головная боль, сонливость
  • аллергические реакции: кожная сыпь, крапивница
Ментол

Редко
  • аллергические реакции: кожная сыпь, крапивница
Сальбутамол

Жиі
  • тахикардия
  • тремор, бас ауыру, бас айналу
Жиі емес
  • жүректің қағуы
  • жүйкенің ширығуы
  • жүректің айнуы, құсу
  • ауыздың және жұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуі
  • дәм сезімінің өзгеруі
  • бұлшықеттің түйілуі
Сирек
  • гипокалиемия, ол кортикостероидтармен, диуретиктермен және ксантиндермен потенциялануы мүмкін
  • шеткергі вазодилятация
  • бұлшықет құрысулары
Өте сирек
  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, есекжем, бронхтың түйілуі)
  • АҚ төмендеуі, коллапс, миокард ишемиясы, жүрек аритмиясы, жыпылықтағыш аритмияны, жүрекшелердің фибрилляциясын, суправентрикулярлы тахикардияны және экстрасистолияны қоса
  • лактоацидоз
  • ұйқышылдық, шаршау, кеуденің ауыруы
Бромгексин гидрохлориді

Сирек
  • жүректің айнуы, іш ауыру, құсу, іш өту
  • температураның жоғарылауы
  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, ангионевротикалық ісіну, тұншығу, қышыну, есекжем
Өте сирек
  • анафилактикалық реакциялар, соның ішінде анафилактикалық шок. Өте сирек жағдайларда, бромгексин қабылдау уақытымен сәйкес келгенде, Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы сияқты ауыр тері реакциялары байқалды.
Гвайфенезин

Сирек
  • жайсыздықты сезіну, жүректің айнуы
  • бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық
  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем
Ментол

Сирек
  • аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем

Особые указания к применению

В 1 чайной ложке сиропа (5 мл) содержится 6 г сахарозы. При соблюдении рекомендаций по режиму дозирования пациент получает на прием от 6 г (1 чайная ложка) до 12 г (1 столовая ложка) сахарозы. В 5 мл сиропа содержится 1,8 г сорбита, что соответствует 0,17 хлебным единицам. Гвайфенезин окрашивает мочу в розовый цвет. Не рекомендуется принимать одновременно с препаратом Окскорил сироп щелочное питье.

Частое применение Окскорил сироп может привести к усилению бронхоспазма, в связи с чем между приемами очередных доз препарата необходимо делать перерывы в несколько часов (6 ч). Сокращение этих интервалов может иметь место только в исключительных случаях. При отсутствии эффекта в течение 4-5 дней, необходима консультация врача.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опаснымти механизмами.
В период приема препарата лучше воздержаться от управления автотранспортом и иной деятельности, требующей точной координации, быстроты реакций и концентрации внимания из-за возможных проявлений побочных действий препарата со стороны центральной нервной системы, таких как головокружение, сонливость и т.д.
1 шай қасық (5 мл) шәрбатта 6 г сахароза бар. Дозалау тәртібі жөніндегі нұсқауларды сақтағанда емделуші бір қабылдауға 6 г-нан бастап (1 шай қасық) 12 г-ға дейін (1 ас қасық) сахароза қабылдайды. 5 мл шәрбаттың құрамында 1,8 г сорбит бар, ол 0,17 нан бірлігіне сәйкес келеді. Гвайфенезин несептің түсін қызғылт түске бояйды. Окскорил шәрбаты препаратын сілтілік сусынмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Окскорил шәрбатын жиі қолдану бронхтың түйілуінің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін, осыған байланысты препараттың кезекті дозаларын қабылдау арасында бірнеше сағат (6 сағат) үзіліс жасау қажет. Осы аралықтарды қысқарту төтенше жағдайларда ғана орын алуы мүмкін. 4-5 күн ішінде әсері болмаған жағдайда, дәрігерден кеңес алу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау кезеңінде, орталық жүйкесі тарапынан бас айналу, ұйқышылдық және т.б. жағымсыз әсерлер білінуі мүмкін болғандықтан, автокөлікті және үйлесімділік дәлдігін, реакциялар шапшаңдығын және зейінді жұмылдыруды қажет ететін басқа қызмет түрлерін басқаруды тоқтата тұрған дұрыс.

Дозировка и способ применения

Взрослым назначают по 10 мл (2 чайных ложки) сиропа 3 раза в сутки или по назначению врача. Продолжительность лечения определяется индивидуально.
Ересектерге тәулігіне 3 рет 10 мл (2 шай қасық) шәрбаттан тағайындалады немесе дәрігердің тағайындауымен белгіленеді. Емнің ұзақтығы әр адамға жекелей анықталады.

Взаимодействие с лекарствами

Окскорил не назначают одновременно с препаратами, содержащими кодеин и другими противокашлевыми средствами, т.к. это затрудняет отхождение разжиженной мокроты.

Сальбутамол. Ингибиторы МАО и трициклические антидепрессанты усиливают действие сальбутамола, могут привести к резкому снижению АД. Антихолинергические лекарственные средства, назначаемые ингаляционно, могут вызвать повышение внутриглазного давления. Сальбутамол несовместим с неселективными бета-адреноблокаторами. Диуретики и глкюкокортикостероиды усиливают гипокалиемический эффект сальбутамола.

Бромгексина гидрохлорид. Входящий в состав препарата бромгексин способствует проникновению антибиотиков ( амоксициллин, эритромицин, цефалексин, окситетрациклин), сульфаниламидных препаратов в легочную ткань и в бронхиальный секрет в первые 4-5 дней противомикробной терапии. Бромгексин можно назначать одновременно с другими препаратами, применяемыми при лечении бронхолегочных заболеваний. Бромгексин не назначают одновременно с противокашлевыми средствами (в том числе содержащими кодеин), т.к. они могут затруднять откашливание разжиженной Бромгексином мокроты. Бромгексин не совместим с щелочными растворами. Не рекомендуется принимать одновременно с Окскорил щелочное питье.

Гвайфенезин. Препарат Окскорил сироп содержащий гвайфенезин не следует назначать одновременно с антидепрессантами из группы ингибиторов моноаминоксидазы, а также в течение 2 недель после их отмены. Не следует назначать совместно препараты, содержащие кодеин, поскольку он затрудняет отхождение разжиженной мокроты. Препарат может применяться совместно с бронхолитиками, противомикробными средствами, сердечными гликозидами.
Окскорилді құрамында кодеин бар препараттармен және жөтелге қарсы басқа да дәрілермен бір мезгілде тағайындамайды, өйткені бұл сұйылтылған қақырықтың бөлініп шығуын қиындатады.

Сальбутамол. МАО тежегіштері және үшциклді антидепрессанттар сальбутамолдың әсерін күшейтеді, АҚ күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ингаляциялық түрде тағайындалатын антихолинергиялық дәрілік заттар көзішілік қысымды арттыруы мүмкін. Сальбутамол селективті емес бета-адреноблокаторлармен үйлеспейді. Диуретиктер және глкюкокортикостероидтар сальбутамолдың гипокалиемиялық әсерін күшейтеді.

Бромгексин гидрохлориді. Препараттың құрамына кіретін бромгексин микробтарға қарсы емнің алғашқы 4-5 күнінде антибиотиктердің (амоксициллин, эритромицин, цефалексин, окситетрациклин), сульфаниламидтік препараттардың өкпе тіндеріне және бронх секретіне өтуіне мүмкіндік береді. Бромгексинді бронхөкпе ауруларын емдеуге қолданылатын басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады. Бромгексинді жөтелге қарсы дәрілермен (соның ішінде кодеин бар) бір мезгілде тағайындамайды, өйткені олар Бромгексинмен сұйылтылған қақырықтың жөтелмен бөлініп шығуын қиындатуы мүмкін. Бромгексин сілтілік ерітінділермен үйлеспейді. Окскорилді сілтілік сусынмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Гвайфенезин. Құрамында гвайфенезин бар Окскорил шәрбаты препаратын моноаминоксидаза тежегіштері тобына жататын антидепрессанттармен бір мезгілде, сондай-ақ олардың тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде тағайындамаған жөн. Құрамында кодеин бар препараттарды бірге тағайындамаған жөн, өйткені ол сұйылтылған қақырықтың бөлініп шығуын қиындатады. Препарат бронхолитиктермен, микробтарға қарсы дәрілермен, жүрек гликозидтерімен бірге қолданылуы мүмкін.

Передозировка окскорилом в сиропе

Симптомы: стенокардия, тахикардия ( ЧСС до 200 ударов в минуту), сердцебиение, аритмия, головокружение, сухость во рту, усталость, головная боль, гипергликемия (сменяющая гипогликемию), снижение или повышение АД, гипокалиемия, бессонница, недомогание, тошнота, нервное напряжение, судороги, тремор.

Лечение: симптоматическое - промывание желудка, при тахиаритмии вводят кардиоселективные бета-адреноблокаторы (с осторожностью из-за опасности возникновения бронхоспазма).
Симптомдары: стенокардия, тахикардия (ЖЖЖ минутына 200 ретке дейін соғады), жүректің қағуы, аритмия, бас айналу, ауыз ішінің құрғауы, шаршау, бас ауыру, гипергликемия (гипогликемияға ауысатын), АҚ төмендеуі немесе жоғарылауы, гипокалиемия, ұйқысыздық, дімкәстік, жүректің айнуы, жүйкенің ширығуы, құрысулар, тремор.

Емі: симптоматикалық – асқазанды шаю, тахиаритмияларда кардиоселективті бета-адреноблокаторларды енгізеді (бронх түйілуінің пайда болу қаупіне байланысты сақтықпен).

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Сальбутамол. При приеме внутрь абсорбция сальбутамола высокая. Прием пищи снижает скорость абсорбции, но не влияет на биодоступность. Биодоступность составляет 90%. После однократного приема внутрь 4 мг сальбутамола максимальная концентрация в крови (Cmax) - 18 нг/мл. Связываемость с белками плазмы - 10%. Проникает через плаценту. Подвергается пресистемному метаболизму в печени и в кишечной стенке, посредством фенолсульфотрансферазы инактивируется до 4-0-сульфата эфира. Период полувыведения (T1/2) - 3.8-6 ч. Выводится почками (69-90%), преимущественно в виде неактивного фенолсульфатного метаболита (60%) в течение 72 ч и с желчью (4%).

Бромгексина гидрохлорид. При приеме внутрь бромгексин практически полностью (99%) всасывается в желудочно-кишечный тракт (ЖКТ) в течение 30 минут. Биодоступность составляет 80% вследствие эффекта "первого прохождения через печень". Бромгексин в плазме связывается с белками, проникает через гематоэнцефалический барьер и плацентарный барьеры. В печени бромгексин подвергается деметилированию и окислению, часть образующихся метаболитов (амброксол) сохраняет активность. T1/2 составляет 15 часов вследствие медленной обратной диффузии из тканей. Cmax достигается примерно через 1 час после приема. Экскретируется почками. При многократном применении бромгексин может кумулировать. При хронической почечной недостаточности нарушается выделение метаболитов бромгексина.

Гвайфенезин. Абсорбция из ЖКТ – быстрая (через 25-30 минут после приема внутрь). Период полувыведения – 1 час. Проникает в ткани, содержащие кислые мукополисахариды. Метаболизируется в печени. Выводится легкими (с мокротой) и почками в виде неактивных метаболитов.

Ментол. В связи с низкой системной абсорбцией данные о фармакокинетике ограничены. Выводится с мочой и желчью в виде глюкозида.
Сальбутамол. Ішке қабылдағанда сальбутамолдың сіңуі жоғары. Ас қабылдау сіңу жылдамдығын төмендетеді, бірақ биожетімділігіне ықпалын тигізбейді. Биожетімділігі 90% құрайды. 4 мг сальбутамолды ішке бір рет қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) - 18 нг/мл. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 10%. Плацента арқылы өтеді. Бауырда және ішек қабырғасында жүйелік метаболизмге ұшырайды, фенолсульфотрансфераза арқылы 4-0-сульфат эфиріне дейін белсенділігін бәсеңдетеді. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 3.8-6 сағат. Бүйректер арқылы (69-90%), көбіне белсенді емес фенолсульфатты метаболит (60%) түрінде 72 сағат ішінде және өтпен бірге (4%) шығарылады.

Бромгексин гидрохлориді. Ішке қабылдағанда бромгексин 30 минут ішінде асқазан-ішек жолында іс жүзінде толық (99%) сіңеді. Биожетімділігі «бауырдан алғаш өту» әсері салдарынан 80% құрайды. Бромгексин плазмада ақуыздармен байланысады, гематоэнцефалдық бөгет және плаценталық бөгет арқылы өтеді. Бауырда бромгексин деметилденуге және тотығуға ұшырайды, түзілген метаболиттердің бір бөлігі (амброксол) белсенділігін сақтайды. T1/2 тіндерден кері қарай баяу диффузиялану салдарынан 15 сағатты құрайды. Қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң Cmax жетеді. Бүйрек арқылы шығарылады. Көп рет қолданғанда бромгексин жиналып қалуы мүмкін. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде бромгексин метаболиттерінің бөлініп шығуы бұзылады.

Гвайфенезин. АІЖ-ден сіңуі – тез (ішке қабылдағаннан кейін 25-30 минуттан соң). Жартылай шығарылу кезеңі – 1 сағат. Қышқыл мукополисахаридтері бар тіндерге өтеді. Бауырда метаболизденеді. Өкпе арқылы (қақырықпен бірге) және бүйрек арқылы белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады.

Ментол. Жүйелік сіңуінің төмен болуына байланысты фармакокинетикасы туралы деректер шектеулі. Несеппен және өтпен бірге глюкозид түрінде шығарылады.

Фармакодинамика

Окскорил - комбинированный препарат с бронходилатирующим, муколитическим и отхаркивающим действием. Благодаря рациональной комбинации сальбутамола, бромгексина гидрохлорида, гвайфенезина и ментола эффективно и быстро уменьшается выраженность функциональных нарушений со стороны дыхательной системы.

Сальбутамол является селективным агонистом β2-адренорецепторов. В терапевтических дозах он стимулирует β2-адренорецепторы гладкой мускулатуры бронхов, оказывая незначительное влияние или вообще не влияя на β1-адренорецепторы. Оказывает бронходилатирующий эффект, предупреждая или купируя спазм бронхов, увеличивает жизненную емкость легких, снижает сопротивление в дыхательных путях. Таким образом, сальбутамол оказывает быстрое бронхолитическое действие, которое длится в течение 4-6 часов. В рекомендуемых терапевтических дозах не оказывает отрицательного влияния на сердечно-сосудистую систему, не вызывает повышения артериального давления. В меньшей степени, по сравнению с лекарственными средствами этой группы, оказывает положительное хроно- и инотропное действие. Вызывает расширение коронарных артерий.

Обладает рядом метаболических эффектов: снижает концентрацию калия в плазме, влияет на гликогенолиз и выделение инсулина, оказывает гипергликемический (особенно у пациентов с бронхиальной астмой) и липолитический эффект, увеличивает риск развития ацидоза.

Бромгексина гидрохлорид. Бромгексин является синтетическим производным вазицина (биологически активное вещество растительного происхождения). Препарат оказывает муколитическое (секретолитическое) и отхаркивающие действие. Снижение вязкости мокроты и повышение двигательной активности ресничек мерцательного эпителия способствует улучшению отхождения мокроты. Бромгексин также стимулирует выработку эндогенного сурфактанта. Действие препарата начинает проявляться обычно через 1 – 2 дня после начала лечения.

Гвайфенезин-муколитическое средство, стимулирует секреторные клетки слизистой оболочки бронхов, вырабатывающие нейтральные полисахариды, деполимеризует кислые мукополисахариды, снижает вязкость и увеличивает объем мокроты, активизирует цилиарный аппарат бронхов, облегчает удаление мокроты и способствует переходу непродуктивного кашля в продуктивный. Длительность действия при однократном приеме 3,5- 4 часа.

Ментол оказывает спазмолитическое действие, мягко стимулирует секрецию бронхиальных желез, обладает антисептическими свойствами, оказывает успокаивающее действие и уменьшает раздражение слизистой оболочки дыхательных путей.
Окскорил – бронхты кеңейтетін, муколитикалық және қақырық түсіретін әсері бар біріктірілген препарат. Сальбутамолдың, бромгексин гидрохлоридінің, гвайфенезиннің және ментолдың рациональді біріктірілуінің арқасында тыныс алу жүйесі тарапынан функциональді бұзылулардың айқындылығы тиімді түрде және тез азаяды.

Сальбутамол β2-адренорецепторлардың селективті агонисі болып табылады. Емдік дозаларда ол бронхтардың тегіс бұлшықеттерінің β2-адренорецепторларын, β1-адренорецепторларға елеусіз ықпалын тигізіп немесе тіпті ықпалын тигізбей-ақ, стимуляциялайды. Бронхтарды кеңейтетін әсер беріп, бронхтардың тарылуының алдын алып немесе басып, өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады, тыныс алу жолдарындағы кедергіні төмендетеді. Осылайша, сальбутамол тез бронхолитикалық әсер береді, ол 4-6 сағатқа созылады. Ұсынылатын емдік дозаларда жүрек-қантамыр жүйесіне теріс ықпалын тигізбейді, артериялық қысымды арттырмайды. Осы топтың дәрілік заттарымен салыстырғанда, аз дәрежеде, оң хроно- және инотроптық әсер көрсетеді.

Коронарлы артериялардың кеңеюін туындатады. Бірқатар метаболизмдік әсері бар: плазмада калий концентрациясын төмендетеді, гликогенолизге және инсулиннің бөлінуіне ықпалын тигізеді, гипергликемиялық (әсіресе бронх демікпесі бар емделушілерде) және липолитикалық әсер береді, ацидоздың даму қаупін арттырады.

Бромгексин гидрохлориді. Бромгексин вазициннің синтетикалық туындысы болып табылады (өсімдік текті биологиялық тұрғыдан белсенді зат). Препарат муколитикалық (секретолитикалық) және қақырық түсіретін әсер береді. Қақырықтың тұтқырлығын төмендету және жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қозғалу белсенділігін арттыру қақырықтың бөлініп шығуының жақсаруына мүмкіндік береді. Бромгексин сондай-ақ эндогенді сурфактанттың түзілуін стимуляциялайды. Препараттың әсері емді бастағаннан кейін әдетте 1-2 күннен соң біліне бастайды.

Гвайфенезин – муколитикалық дәрі, бейтарап полисахаридтерді өндіретін бронхтардың шырышты қабықтарының секреторлы жасушаларын стимуляциялайды, қышқыл мукополисахаридтерді деполимери-зациялайды, қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді және көлемін арттырады, бронхтардың цилиарлы аппаратын белсенді етеді, қақырықтың жоғалуын жеңілдетеді және өнімсіз жөтелдің өнімді жөтелген ауысуына мүмкіндік береді. Бір реттік қабылдауда әсер ету ұзақтығы – 3,5- 4 сағат.

Ментол спазмолитикалық әсер береді, бронх бездердің секрециясын жеңіл стимуляциялайды, антисептикалық қасиеттерге ие, тыныштандыратын әсер береді және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының тітіркенуін азайтады.

Упаковка и форма выпуска

По 100 мл сиропа помещают во флакон из темного стекла с крышкой с системой защиты от детей. По 1 флакону вместе с мерным стаканчиком и инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Балалардан қорғайтын жүйесі бар қақпақпен жабылатын қоңыр шыны құтыға 100 мл шәрбаттан құйылған. 1 құты өлшеуіш стақанмен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.